Швеция Украинаның Еуропалық Одаққа (ЕО) кіруіне қаржылай қолдау жасайды. Сондықтан Швеция Киевке реформалар жүргізуге шамамен 590 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Украинаға қаржылық қолдау жаңа екіжақты стратегиясы аясында және Киевке елді қалпына келтіруге үшін бағытталған.
Бұған дейін Еуроодақ 2024 жылдан бастап Киевке қаржылық көмек көрсету шарттарын қатаңдату туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл алдағы төрт жылға қаржылық көмек туралы, ол 50 миллиард еуроны құрауы қажет. Оның 33 миллиардын Украина өтеусіз емес, несие түрінде алады. Бұл ретте, егер 2023 жылғы сандармен салыстырсақ, бір жылға есептегенде көмек көлемі бір жарым есеге қысқарады.