20 шілде күні Алматының кейбір аудандарында суық су болмайды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматының Алмалы және Жетісу аудандарының бірқатар тұрғын үйлері суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды «Алматы су» компаниясының баспасөз қызметі.

«20 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев – Чайковский – Райымбек – Наурызбай батыр көшелерінің контурында; Жетісу ауданындағы Райымбек – Желтоқсан көшелерінің, темір жолдар, Коммунальная көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады», делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл секторлардағы тұрғындарды суық судан уақытша ажырату, сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты ажыратылады.

Сондай-ақ оқыңыз