Өзбекстан мен Қырғызстан электр энергиясымен алмасуға келісті
Өзбекстан мен Қырғызстан электр энергиясымен алмасуда. Бұл туралы 24kg агенттігі хабарлады.
Орталық Азия елдерінің энергия жүйесі қатар жұмыс істейтін болды. Екі елдің энергокомпаниялары арасындағы келісім бойынша электр энергиясын жеткізу өзара тауар алмасу (алынған көлемде қайтару) шарттарында жүзеге асырылатын болды.
«2023 жылдың көктемгі маусымында Өзбекстаннан Қырғызстанға ішкі тұтынуы төмен кезеңде 150 миллион киловатт-сағат электр энергиясы жеткізілді. Қырғысзтан бұл электр қуатын жазғы маусымда қайтарады. Сонымен қатар, Қырғызстан осы кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығына су жеткізеді»,- делінген Өзбекстанның энергетика министрлігінде.
Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Қырғызстанға «аз ақшаға» көп мөлшерде электр энергиясын жеткізгені туралы хабар тарады. Ведомство бұл мәлімдемелерді негізсіз деп санайды.