Дегенмен, Қазақстан паспорты әлемдегі паспорттар индексінде 66 орында тұр. Ресей бұл тізімде 49 орында тұр, Беларусь 64-орында. Ресейліктер визасыз 115 елдің, белорустар 79 елдің шекарасынан өте алады.
Бұл индексте Қазақстаннан кейінгі орындарда ТМД елдері арасынан, Әзірбайжан (72), Армения (74) Өзбекстан (78) жайғасыпты.
Индексті әзірлеген Henley & Partners компаниясы «Әуе көлігі халықаралық ассоциациясының» мәліметтерін негізге алып, 2023 жылдың ІІІ тоқсаны үшін нәтижелерді ұсынды. Айта кету керек, паспорттар индексі тоқсан сайын жаңарып отырады.
Соңғы 5 жылда Жапония тұңғыш рет әлемдегі ең мықты паспорт рейтингінде үшінші орынға түсті. Бірінші орында Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз бара алады, Ал, азаматтары 190 елге визасыз саяхаттай алатын Германия, Италия және Испания елдері тізімде екінші орында. Үшінші орында алды ел тұр: Австрия, Люксембург, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония.
Қазақ паспорты бұдан бұрын жарияланған рейтингте 68 орында болған еді. Есептік кезең ішінде Қазақстан Джибути, Қытай, Индонезия и Суринам елдеріне бейвизалық режим енгізіп, алайда Уганда мен Сенегалуға визасыз режиді жапты. Осылайша, рейтингте 66 орынға тұрақтады.