Жаңалықтар

«Теңізшевройл» тамызда CPC Blend мұнайының экспортын 14 пайызға қысқартады

Фото: kursiv.media

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қазақстанның ірі Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тамызда CPC Blend мұнай экспортын шілдедегі 5,45 миллион тоннадан 4,7 миллион тоннаға дейін қысқартады, деп хабарлайды Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп.

CPC Blend мұнайының экспорты тамызда шілде айындағы кестемен салыстырғанда 14%-ға төмендейді, деп болжанады.

ҚР Энергетика министрлігі мен Теңіз кен орнының операторы «Теңізшевройл» (ТШО) Reuters агенттігінің сауалдарына жауап бермеген. Басылым тамыз айында Теңіз кен орнында жөндеу жұмыстары жүргізетінін жазған.

ТШО КҚК-да мұнайдың негізгі экспорттаушысы болып табылады, сондықтан компания өндірісіндегі кез келген өзгерістер CPC Blend жеткізу көлеміне әсер етеді.

Барлық экспортталған қазақстандық мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы ьасымалданады.

ТШО-ның 50%-ын «Шеврон» компаниясы иеленсе, «Эксон Мобил» 25%-ына, «Қазмұнайгаз» 20%-ына, «Лукойл» – 5%-ына иелік етеді.