Саяси қызметшілер тізімінен Елбасы Аппараты қызметшiлерiнiң лауазымы алынып тасталды

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: kursiv.media

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы Аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң лауазымдары алынып тасталды.

Осылайша, Тұңғыш Президент тағайындайтын лауазымдар мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізбесінен алып тасталды. Енді:

  • Тұңғыш Президент Кеңсесінің Басшысы;
  • Тұңғыш Президенттің көмекшілері;
  • Тұңғыш Президент Кеңсесі Басшысының орынбасарлары;
  • Тұңғыш Президенттің кеңесшілері;
  • Тұңғыш Президент Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
  • Президент Басшысының бірінші орынбасары;
  • Мемлекеттік күзет қызметі басшысының бірінші орынбасары;
  • Тұңғыш Президент кітапханасының директоры, деген лауазымдар болмайды.

Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы тағайындайтын лауазымдар да алынып тасталды. Барлық өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 284 Жарлығында толық көрсетлген. Құжат 2023 жылғы 29 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

ы. Orda.kz хабарлауынша, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорындағы жоғары лауазымын сақтап қалған.

«Қорды басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган», делінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жарғысының 2023 жылғы 19 маусымдағы ақпараттық-құқықтық сайтында жарияланған ағымдағы редакциясында. Қазақстанның нормативтік құқықтық актілер жүйесі.

Басылымның хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» қорының сайтында ҰӘҚ Басқару кеңесінің парақшасы ашылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз