
Фото: gov.kz
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Бұл ақпаратты «Антикор» растады.
«Бүгін таңертең Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орталық аппараты қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ізбасаров ұсталды», деп хабарлаған болатын сәрсенбіде ҚазТАГ-тың аймақтағы тілшісі.
Айта кетейік, Ізбасаров Жетісу Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына 2022 жылдың тамыз айында келген болатын.