Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Фото: kursiv.media

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды KASE.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
жалғыз акционердің 2023 жылғы 13 шілдедегі шешімімен Б.Б.Асқаровтың компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын хабарлады», делінген ақпаратта.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады. Олар – Қасенов А.Ғ., Асқаров Б.Б., Дәукей С.Ж.

KASE сонымен бірге «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен Б.Б.Асқаров-тың Компанияның бас директоры, басқарма төрағасы болып сайланғанын хабарлады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқармасының құрамына төрт адам кіреді. Олар – Асқаров Б.Б., Шалов Ш.И., Әлиев Б.Ж., Джиенбеков Ж.М.