Polymetal Қазақстанға қоныс аударуды 7 тамыз аяқтауды көздеп отыр

Жарияланды
shutterstock

Polymetal Джерси штатынан Астана халықаралық қаржы орталығына редомициляция процессін 7 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір компанияның қоныс аудару барысы реттеуші органдармен келісу сатысында тұр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Редомициляция нәтижесінде Polymetal акциялары Лондон қор бижасындағы тізілім талаптарымен сәйкес келмейтін болады. Сондықтан, оны құнды қағаздары LSE алаңында 1 тамыз күні соңғы рет саудаға шығарылады.

LSE биржасында делистинг жасау, оның акционерлерінің мақұлдауына байланысты, жиналыс 28 шілдеге жоспарланған. Ал, тізілімнен 29 тамызға дейін шығарылуы мүмкін.

Аталған компанияның редомициляциясына байланысты қажетті операцияларды жүргізу үшін, AIX биржасы 1 тамызда сауда күні аяқталғаннан кейін, Polymetal акцияларымен сауда жасауды тоқтата тұрады. Бағалы қағаздар сауда редомициляция күні немесе ол аяқталғаннан кейін бірнеше күннен соң басталады деп күтіліп отыр. Компания бағалы қағаздарының саудасы тоқтағанымен, ол AIX листингінде қала береді, дегенмен биржа компанияның алғашқы листингке енгізген орны болып саналатын болады.

Мәскеу биржасы Polymetal акцияларымен сауда-саттықты 29 шілде күні аяқтайды. Компания редомициляция аяқталған соң, сауда қайта жанданады деп күтіп отыр.

Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және жетекші алтынөндіруші компания. Холдингтің кәсіпорындары Магадан және Свердлов облыстатрында, Хабаровс өлкесінде, Якутияда, Чукотада және Қазақстанда. Ірі акционері Александр Несистің «ИСТ» тобы мен оның серіктестері (үлесі 24%-ға жуық).

«Astana Finance Days» конференциясында Polymetal International PLC компаниясының Инвесторлармен байланыс жөніндегі директоры Евгений Монахов компания Қазақстанға шілденің ортасына қарай толық көшіп болатынын мәлімдеген. Алайда, кейін бұл процесстің 31 шілдеден кейін жүзеге асатыны хабарланған еді

Сондай-ақ оқыңыз