American Express 2023 жылдың II тоқсанында рекордтық табыс тапты

Жарияланды
Фото: интернеттен алынды

Американың пластикалық карталар нарығындағы көшбасшылардың бірі American Express Co. екінші тоқсанда рекордтық табыс тапты, алайда көрсеткіш сарапшылардың болжамынан төмен болды, деп хабарлайды, Интерфакс-Қазақстан.

2023 жылдың сәуір-маусым айларында компания кірісі 12%-ға өсіп, 15,054 млрд долларды құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде кірістің жалпы сомасы 13,395 млрд доллар болатын
Бұл ретте компанияның таза табысы 2,174 млрд долларға, бір акция бағасы 2,89 долларға өсті. Бір жыл бұрын табыс 1,964 млрд доллар немесе бір акция құны 2,57 доллар қымбаттаған.

FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар компанияның кірісі орта есеппен 15,41 млрд долларға жетеді деп болжаған.

«Екінші тоқсанда AmEx картасы бойынша шығыстар 8%-ға өсіп, рекордтық деңгейге жетті. Туризм мен ойын-сауыққа жұмсалған қаржы 14%-ға өсті», – деп жазылған хабарламада.

Сәуір-маусым айларында несиелер бойынша ықтимал шығындарға арналған резервтерге бөлінген қаражат 1,2 млрд долларды құрады. Былтыр оның көлемі анағұрлым төмен – 410 млн доллар болған.

Компания биылғы жылы кірісі 15-17%-ға артады, ал таза табыс бір акцияға 11-11,4 долларды құрайды деген болжам жасаған.

Бірақ жұма күнгі саудада American Express акцияларының бағасы 3,7%-ға төмендеді. Жыл басынан бері компанияның нарықтық құны шамамен 20%-ға (131,6 млрд долларға дейін) өсті.

Сондай-ақ оқыңыз