Жаңалықтар

Kaspi.kz Kolesa Group-тың үлесін сатып алады

Финтех-холдинг Kaspi.kz Kolesa Group холдингіндегі 40% үлесті сатып алады. Бұл туралы компанияның Лондон қор биржасының (LSE) сайтында жарияланған 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебінде жарияланды.

 Ал мәміле сомасы 8 88,5 млн долларды (шамамен 39 млрд теңге) құрайды. Ол ағымдағы жылдың үшінші немесе төртінші тоқсанында жабылады деп жоспарлануда.  Ал Kaspi.kz мәміле бойынша, 39,76% үлесін алады.

Бұл ретте Kolesa Group пен Kaspi.kz –дың басшысы және тең иесі болып Михаил Ломтадзе қалады.

«Бұл Kaspi.kz-ге дауыс беретін акциялардың шамамен 51% иелігінде болуға және Kolesa директорлар кеңесін бақылауға, Kolesa нәтижелерін қаржылық есептілігіне толық шоғырландыруға мүмкіндік береді», – делінген Kaspi.kz мәлімдемесінде.

Kolesa Group акционерлерінің толық тізімі әзірге шықпады. Шілде айының басындағы жағдай бойынша негізгі меншік иелері Kaspi.kz Baring Vostok (26,1%), Михаил Ломтадзе (23,4%) және Вячеслав Ким (22,27%) болды. Сондай-ақ, топтың акциялары Қазақстан (KASE) және Лондон (LSE) қор биржаларында сатылады.

Kolesa Group құрамына мыналар кіреді- Kolesa.kz, жылжымайтын мүлікті сату және жалға беру Krisha.kz, тегін хабарландыру сайты Market.kz және Өзбекстан автокөлік сату қызметі Avtoelon.uz.

Айта кетейік, 2023 жылдың І жартыжылдығында Финтех-холдинг Kaspi.kz (АҚ Kaspi.kz) 368,285 млрд теңге көлемінде таза пайда тапты.

Финтех-холдинг Kaspi.kz (АҚ Kaspi.kz) 2023 жылдың І жартыжылдығында 368,285 млрд теңге көлемінде таза пайда тапты, делінген компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде.

2022 жылдың І жартыжылдығында көрсеткіш 234,309 млрд теңгені құрады. Осылайша, биыл ол 1,6 есе өсті.

Компанияның кірісі 834,261 млрд теңгені құрап, 2022 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе асып түсті. Операциялық кірістер 1,5 есеге, 441,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Шығыстар 1,8 есе, 300,65 млрд теңгеге дейін өсті.

Компания активтері жыл басынан бері 13,8% – ға өсіп, 5,828 трлн теңгені құрады, міндеттемелер – 14,1% – ға, 4,902 трлн теңгеге дейін өсті.