Сыбайлас жемақорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы Полиция департаментіндегі полиция қызметінің басшылары жүйелі жемқорлық қылмыстары үшін сотталғанын хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды.
«Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.» делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.
Сотталғандарды Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасы әшкерелеген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.