ЮНИСЕФ: Судандағы қақтығыста 435 бала құрбан болды

Жарияланды

Судандағы қақтығыста кем дегенде 435 бала қаза тапты, 2 мыңнан астамы судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы соғыс қимылдарынан зардап шекті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Мұндай деректерді БҰҰ Балалар қоры мәлімдеді.

«Қақтығыс кезінде кем дегенде 435 бала қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алды», – делінген хабарламада.

ЮНИСЕФ нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Қордың мәліметінше, 14 миллионға жуық кәмелетке толмағандар шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Сондай-ақ оқыңыз