Жаңалықтар

Молдова банктері «Юнистрим» төлем жүйесімен жұмыс істеуді тоқтатты

Молдова банктері Ресейдің «Юнистрим» төлем жүйесімен жұмысын тоқтатты. Бұған дейін бұл компаниямен елдегі ең ірі Moldova-Agroindbank, сондай-ақ Fincombank және Energbank банктері жұмыс істеді.

«Юнистрим» төлем жүйесі тек Приднестровье банктері арқылы қол жетімді. Приднестровье-Молдова билігінің бақылауынан тыс танылмаған республика. Аймақта Молдова банк жүйесіне кірмейтін және реттеушілерінің бақылауынан тыс үш банк жұмыс істейді.

АҚШ 20 шілде күні Ресейдің бес несие ұйымына қатысты санкция салған еді. Ол тізімде «Юнистрим» компаниясымен қатар, «Тинькофф», Локо-банк, Петербургский социальный коммерческий банк, «Солидарность» бар.

Сонымен қатар, 21 шілде күні Грузияның банктері де ресейлік «Юнистрим» төлем жүйесімен ақша аударымдарын тоқтатты.

Айта кетейік, Биылғы жылдың 21 шілдесінен бастап, «Қазпошта» АҚ «Юнистрим» компаниясының санкциялық тізімге ілінуіне байланысты, «Юнистрим» ақша аударымдарын қабылдауды тоқтатты. Бұл ақпаратты «Қазпоштаның» баспасөз қызметі растады.