Қазақстан халқына» қорының 2023 жылғы І жартыжылдығында атқарылған жұмысының есебі бекітілді. Қордың ресми сайтында есеп жария етілген.
Есепте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың алғашқы жартысында Қор 24,6 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Сонымен қатар, есепті кезеңде Қорға түскен қаржы туралы да ақпарат бар.
«Есепті кезең ішінде Қорға 23,4 млрд теңге түскен, соның ішінщде 22,3 млрд теңгені жеке тұлға В.В. Анисимов, «Сәтті Жұлдыз» АҚ 1,05 млрд теңге, жеке тұлғалар 12,2 млн теңге аударған», делінген есепте.
Василий Анисимов – ресейлік миллиардер. Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін, қазақстандық кәсіпкер Яков Клебановпен бірге «Степногор тау-химия комбинатына» иелік еткен болатын.
Ал, өткен жылдың соңында аталған стартегиялық нысанды «Росатом» 1,6 млрд долларға сатып алған.
Ө кезегінде «Степногор тау-химия комбинатына» «БК «Будёновское» ЖШС -нің 49% акциясы тиесілі болған.
«Росатом» «Газпромбанктің» несие желісі бойынша «Буденовское» БК-ның 49% үлесін 1,6 миллиард долларға сатып алғаны туралы ақпарат «Қазатомөнеркәсіптің» 2022 жылға арналған жиынтық есебі жариялағанда бірақ белгілі болды. Ұзақ уақыт бойы бұл ақпарат халыққа ашық жария етілмегені белгілі.
Ал, Василий Анисимовке қайта оралсақ, миллиардер Қазақстанның тумасы. 1951 жылы 19 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Ал, 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Coalco International девелоперлық компаниясының иесі Василий Анисимов Хорватия азаматтығын алған. Қазір Швейцарияда тұрады. Forbes есебінше, дәулеті 1,6 миллиарда долларды құрайды, 2022 жылы Ресейдің 200 дәулетті бизнесмені тізімінде 54-ші орынды иеленген.
Ал, «Қазақстан халқына» қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы аударған «Сәтті жұлдыз» АҚ құрылтайшысы — Сергей Швалов. Ұлттық лотереямен қатар Forbes деректері бойынша Швалов қазақстандық комппьютер жабдықтарын өндіретін «Логиком» компаниясының 74,22% үлесіне ие.