Елордада 10 мың ақылы автотұрақ ашылады

Жарияланды

Астана қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты аясында 10 мың ақылы автотұрақ ашылады. Қазіргі таңда оның 7 жарым мыңы пайдалануға берілді. Бұл туралы Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты аясында қалада 10 мың ақылы тұрақ орындарын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде 7 500 автотұрақ орны іске қосылды. Жобаның мақсаты – жол бойында көлікпен аялдау ережелерінің бұзылуын азайту, ақылы тұрақ аймақтарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалыс жылдамдығын және тұрақ орындарының айналымын арттыру. Сонымен қатар, автотұраққа қоймайтын көліктердің санын қысқарту және тұрғындарды қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыру», – деді Ержан Диханбаев.

Сондай-ақ оқыңыз