Жаңалықтар

Өзбекстан 5 айда 40 млн долларға шие экспорттаған

Фото: kursiv.media

Өзбекстан 5 айда бір ғана өнімді экспорттай отырып 38,9 млн АҚШ доллары көлемінда табыс тапты. Бұл жайлы Өзбекстанның Статистика агенттігі хабарлайды.

Өзбекстан үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларында әлемнің 15 еліне барлығы 32 800 тонна тәтті шие экспорттаған. Бұл өнімдерді экспорттау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 400 тоннаға артқан.

2023 жылдың алғашқы 5 айында Өзбекстаннан Ресейге – 19,8 мың тонна, Қазақстанға – 6,4 мың тонна, Қырғызстанға – 6,1 мың тонна, Беларуське – 333 тонна, БАӘ – 36 тонна, Қытайға – 29 тонна, Малайзияға – 17 тонна, Сауд Арабиясына- 10,5 тонна тәтті шие жөнелтілген.

Ал 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстан әлемнің 14 еліне 33,3 миллион АҚШ долларына 24 400 тонна шие экспорттаған.