Фото: kursiv.media
Қырғызстанда шетел азаматтарын онлайн тіркеу жүйесі іске қосылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Цифрлық даму вице-министрі Жазгүл Кийизбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Сыртқы көші-қонды тіркеудің бірыңғай жүйесі бестен астам министрліктермен және әкімшілік ведомстволармен, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетімен, Цифрлық даму министрліктерімен, Сыртқы істер министрлігімен, Еңбек министрлігімен және Шекара қызметімен интеграцияланған.
Жазгүл Кийизбаева енді шетелдіктер Халықты тіркеу департаментінің сайты арқылы тіркеле алатынын атап өтті.
«Қабылдаушы тарап шетел азаматын тіркеуге өтініш жіберуі тиіс. Бұл Қырғыз Республикасының азаматы немесе біздің елде тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлары бар шетелдік азаматы болуы болуы мүмкін. Енді азаматтарды қонақүйлерге, жатақханаларға және студенттерге арналған жатақханаларға тіркеуге рұқсат етілді. Өтініш беру үшін Қырғыз Республикасының азаматы Халықты тіркеу департаментінің сайтына кіріп, жүйеге кіруі керек. Авторизация процедурасы оңай. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін, электрондық пошта мекенжайын енгізіп, байланыс деректерін көрсетсеңіз болғаны», дейді вице-министр.
Ведомство өкілі өтінім расталған соң 24 сағат ішінде 120 сом көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу коды жіберілетінін айтады.
«Жобаның мақсаты – тіркеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық түрін нөлге дейін төмендету, сыртқы көші-қонды есепке алуды жақсарту және цифрлық қызмет көрсету форматына көшуді жеделдету», дейді ол.
Жобаны Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті және Қырғызстандағы Туризмді дамытуды қолдау қоры әзірлеген.
Айта кету керек, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шетелдік азаматтарға Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ЖСН беру мәселесін пысықтауды көздеп отыр.