Нәби Айтжанов «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы болды

Жарияланды

Нәби Айтжанов «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самрұқ-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Нәби Айтжанов 1980 жылы Ақмола облысында туған. Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.

Бұған дейін Нәби Айтжанов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. Оның орнына «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры болып Сабырғали Ыдырысов тағайындалды.

Ыдырысов бұған дейін Қазақстан коммуналдық жүйелері құрылымына кіретін «Қарағанды ​​Энергоцентр» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз