Жаңалықтар

Заңгерлер мен адвокаттар арнайы медальмен марапатталады

Заң консультанттары мен адвокаттар әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге қосқан үлесі үшін марапаттала бастайды. Тиісті бұйрықты Әділет министрлігі бекітті.

«Осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекет тарапынан ынталандыру қағидалары; осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы; осы бұйрықтағы 3-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін», делінген құжатта.

Бекітілген ережелерге сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосу үшін мемлекеттің ынталандыру тәртібі енгізіледі. Ынталандыру негізінде медальдар, төсбелгілер тағайындау көзделген. Мұндай марапаттар заңгердің, заң консультантының кәсіби қызметіндегі жетістіктеріне қарай беріледі.

Жан-жақты әлеуметтік құқықтық көмек көрсету кезінде клиенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жоғары кәсібилік танытқан адвокаттар, жан-жақты әлеуметтік құқықтық көмекті дамытуға елеулі үлес қосқан мамандар марапатқа ие болады.

Ал бұл марапатты тағайындау құқы Республикалық адвокаттар алқасының президиумы, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органына беріледі. Адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіби дағдылары мен кешенді әлеуметтік құқықтық көмекті дамытуға қосқан қомақты үлесін бағалай отырып, олар тиісті марапаттарды тағайындайды.

Осы орайда «Ізгі қызметі үшін» медалі мен І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Азаматтардың күштері мен бостандықтарының қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі дайындалады.

Бұйрық 07 тамыздан бастап бастап қолданысқа енгізіледі.