Жаңалықтар

Алтын бағасы қымбаттап, наурыздан бері ең жоғары көрсеткішке жетті

золото
Фото: kursiv.media

Алтын бағасы өсіп, наурыз айынан бері ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Comex Нью-Йорк биржасында алтынның желтоқсандағы котировкалары 0,3%-ға өсіп, троя унция үшін 2006 долларды құрады. Бағалы металл ай басынан бері 2%-дан астам қымбаттады.
Алтын бағасына АҚШ-тағы инфляцияның бәсеңдеуі және Федералдық резервтік жүйе мен басқа реттеушілердің ақша-несие саясатын қатаңдату циклін жақын арада аяқтауы мүмкін деген ақпараттар аясында доллар құны әлемдегі негізгі валюталарға қатысты төмендей бастады.
Kinesis Money сарапшысы Руперт Роулинг алтын бағасының күрт қымбаттай бастауын Орталық банктердің шешімімен байланыстырды.

«Алтын бағасының оң динамикасы әлемдегі көптеген елдер Орталық банктерінің пайыздық мөлшерлемелерді көтеру циклдерін аяқтауға жақын деген болжамдарына байланысты болды», – деді Руперт Роулинг.

Бұл ретте ICE индексіндегі сауда кезінде доллар алты валютаға қатысты 0,03%-ға құнсызданды. Атап айтқанда, еуро, швейцариялық франк, иена, канадалық доллар, фунт стерлинг және швед кронасына қатысты. Шілде айының басынан бері индекс шамамен 0,9%-ға төмендеді.

Бұған дейін JPMorgan 2024 жылы алтынның құны артып, баға рекордтық көрсеткішке жетеді деген болжам жасаған, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
JPMorgan банкінің Жаһандық зерттеулер департаментінің атқарушы директоры Грег Ширер келесі жылдың төртінші тоқсанында алтынның бір унциясы 2175 долларға жетеді, деп есептейді.

«АҚШ Федералды резервтік жүйесінің саясатындағы өзгерістер салдарынан алтын бағасы 2024 жылы рекордтық деңгейгежетеді. Келесі жылдың төртінші тоқсанында алтынның бағасы бір унция үшін 2175 долларға жетеді. Біз қазір өте қолайлы жағдайға жеттік және алтын мен күміс ұзақ мерзімді инвестиция және әртараптандыру құралы. Бұл құралдар адағы 12-18 айда жақсы нәтиже береді деп сенеміз», – деді сарапшы.

Сондай-ақ банк осы жылдың соңына дейін бағалы мателдың унциясы 2000 доллардан асады деп есептейді.

Еске сала кетсек, соңғы 12 айда алтын шамамен 15%-ға қымбаттады, оған АҚШ-тағы мөлшерлемелерді көтеру циклінің аяқталуына жақындау және әлемдік орталық банктердің алтын сатып алуы ықпал етті. Алтынның тарихи максималды бағасы 2020 жылдың тамызында белгіленіп, бір унция үшін 2 075,47 долларды құрады.