Елімізде жылдық инфляция бесінші ай қатарынан баяулап келеді

Жарияланды
Фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросының дерегінше шілде айында жылдық инфляция 0,6%-ға баяулап, 14%-ды құрады. Маусым айында 14,6% болған еді.

Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,5% (биыл маусымда – 14,6%), азық-түлік емес тауарларға – 15% (маусымда – 15,8%), ақылы қызметтерге 13,6% ( – 13,3%) өсті.

Алайда өткен жылғы шілде айымен салыстырғанда бірқатар азық түлік тауарлары қымбаттаған: күріш 44,3%;
қырыққабат – 27,5%;
минералды су – 25,9%;
қаймақ – 22,4%;
майлылығы 2,5% айран – 21,9%;
тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдер – 21,4%;
макарон өнімдері – 21,1%;
пастерленген сүт – 20,8%;
жұмыртқа – 20,2%;
шақпақ қант – 18,8%;
сұлы жармасы – 18,5%
сары май – 16,1%;
Ал, құмшекерг – 17,4%, қарақұмық жармасы – 10,5%, күнбағыс майы – 4,7%, сәбіз – 3,4%, карто 1,3% арзандаған.

Сонымен қатар кеңсе тауарлары– 64,4%; жуғыш және тазалағыш құралдар – 32,7%, жеке қолданылатын тауарларға – 21,9%; жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,6%; ыдыс – 17,2%, киім және аяқ киім – 15,2%, құрылыс материалдары 11,5% өсті.

Дизель отыны 36% қымбаттады.

Тұрғын үйді жалға алу құны 25,2% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 19%, санаторийлер қызметтеріне – 18,8%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 17,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 16,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 15,3%, білім беру қызметтеріне – 13%, қонақ үйлер қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 10,5%, темір жол көлігі қызметтері 9,5% қымбаттады.

Тарифтер қоқыс шығаруға – 36,9%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 20%, сұйытылған газға (баллондағы) – 14,5%, электр энергиясына – 10,5%, орталықтан жылытуға – 10,1%, су бұруға – 9,7%, ыстық суға 6,2% өсті.

Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы шілдеде жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Астана қаласында, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында (15,4%-дан), Ақмола (14,7%), Маңғыстау (14,6%), Жетісу облысында (14,3%), Алматы қаласында (14,2%) қалыптасты.

Айта кету керек, сәуір айының соңында  Ұлттық банк пен қаржы саласының сарапшылары таргеттелетін инфляция деңгейін көтеру мәселесін талқылаған болатын. Ақылжан Баймағамбетов Қазақстан үшін оңтайлы таргеттелетін инфляция мөлшерлемесі 5-7 % деңгейінде екенін, егер шешім қабалдаса, осы мөлшерлемесінде қабылданатынын айтқан еді.

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз