МӘМС-ке аударылған жарна қалай басқарылады: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жауап берді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару үшін аударатын жарнасы қайда түседі, қаражат қалай басқарылады? Бұл сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жауап берді.

МӘМС үшін төленген жанра Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі ме?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару үшін аударатын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыне тікелей түспейді. Азаматтар аударатын жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі (яғни, тікелей Қорға емес), олар басқа мақсаттарға жұмсалынбайды.

Жарналар қайда кетеді?

Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға – Қордың жеткізушілеріне – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Мысалы, 2022 жылы МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық көмекке шамамен 836 млрд теңге жұмсалды.

Биыл МӘМС жарналарынан қанша қаражат түсті?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының дерегінше, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде 590,8 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде:

жұмыс берушілердің аударымдары – 37,7%;

халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары – 33,2%;

қызметкерлерден түскен жарналар – 24%;

басқа төлеушілер – жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, дербес төлеушілер – 5,1%.

Бұл қаражат МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде ай сайын жіберіледі.

Медициналық көмекке жүгінбеген дам жарнасын қайтарып ала ала ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды. Ал бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.

Сондықтан, МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы келесі  байланыс арналары бойынша өтініш жіберуге болады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  •  fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы.

.

Сондай-ақ оқыңыз