«Sincere Systems» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Ақтөбе облысында «Sincere Systems» қаржы пирамидасын ұйымдастыру күдігімен тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

«Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық инвестициялық пирамидасын құру және басқару ісін ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатыр», делінген баспасөз хабарламасында.  

Баспасөз қызметінің хабарлауынша ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы, атап айтқанда ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар тәркіленген. Сонымен бірге компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар табылған.

Қазіргі таңда бұл қаржы пирамидасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз