Жаңалықтар

Кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасының шекті мөлшері бекітіледі

«Ашық НҚА» порталында Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін бекітуге қатысты қаулысы талқыланып жатыр.

Құжатқа сәйкес «Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 150 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 95 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізіледі.

Жаңа қаулы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының мынадай шекті мөлшерде бекітілген.

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 160 000 000 (бір жүз алпыс миллион) теңге;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге.

Бұрынғы құжатта шекті мөлшерлеме шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 млн теңге, орта кәсіпкерлік – 120 млн теңге, ірі кәсіпкерлік – 150 млн теңге көлемінде болған.

«Бұл жобаның мақсаты кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасының шекті мөлшерлерін өзектендіру. Қазақстан Республикасының қаржы секторындағы Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес № 150 и № 151 Қаулылардың нормаларын ҚР бейрезидент-банктерінің филиалдарына тарату, өткізілген Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 17 тармағына және 2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес келеді», делінген құжатта.

Қазақстан Ұлттық банкі мен Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі бірігіп жариялаған бұл қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.