Қатты пайдалы қазбаларды барлау құқын беретін онлайн-аукционнан мемлекет 1 млрд теңгедей пайда тапты

Жарияланды
Фото: shutterstock

Қатты пайдалы қазбаларды барлау құқын беретін алғашқы онлайн-аукционнан мемлекет бюджетіне 1 млрд теңгеге жуық қаражат түсті.

Еске сала кетейік, 1-ші тамызда қатты пайдалы қазбаларды барлауға құқық беретін бірінші электронды аукцион өткізілді. «E-Qazyna.kz» цифрлық платформасында өткен аукционға 29 кен орны шығарылған. Сауда 15 лот бойынша өткізіліп, қол қою бонусы 950 млн теңгеден асқан. Қалған 14 учаске бойынша сауда өтпеді деп танылды.

Индустрия министрлігінің хабарлауынша, Аукционға Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Абай облыстарындағы жер қойнауы учаскелері қойылды.

«Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ дерегінше, 15 учаске бойынша бастапқы сома 14,5 млн теңге шамасында болған. Сауда қорытындысы бойынша бұл баға 66 есе өскен.

Қатты пайдалы қазбаларға: жанатын қазбалар (торф, көмір,тақтатас), металл қазбалар (металл рудалары), металл емес қазбалар – бұл құрылыс материалдары (базальт, гранит жәнет.б.), сонымен бірге химиялық шикізат (тұз) жатады.

ИИДМ ақпаратына сәйкес, қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқын беретін аукцион да электронды форматта өткізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз