Жаңалықтар

Қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі көтерілді, бірақ пессимизм басым

Фото: kursiv.media

Қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі маусым айында көтерілген. Алайда жеткілікті деңгейде күшейе қоймаған. Қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексінің қалай өзгергені туралы «Курсив» әлеуметтік зерттеу орталығы сауалнама жүргізіп, нәтижелерін жариялады.

Өткен маусымда Қазақстан тұрғындарының тұтынушылық сенім индексі 1,3 тармаққа өсіп, 96,9 тармақты құраған. Алайда, индекстің айтарлықтай өскеніне қарамастан, республикадағы экономикалық көңіл-күйдің негізгі көрсеткіші әлі де пессимистік аймақтан көтерілмеген. Шамамен 100-ден аз.

Жаздың басында 0,4 тармаққа төмендеген жеке қаржылық жағдайдың өзгеру индексін қоспағанда, барлық санаттар бойынша көрсеткіштердің жалпы өсуі тіркелген. Қазақстандағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне оң баға беру айтарлықтай өсіп +2,3 ұпайға көтерілгенін атап өткен жөн. Сонымен бірге респонденттердің көпшілігі қазіргі сәтті ірі сауда үшін қолайлы деп санайды, бұл көрсеткіштер +2,7 ұпайға көтірлген.

Маусымдағы оптимизм ерлер аудиториясында жақсы көтерілген. Ерлер арасында ССІ көрсеткіші 3,1 тармаққа, 99,4 ұпайға артқан. Ал әйелдер арасында керісінше бұл көрсеткіш – 0,3 тармаққа төмендеп, 94,7 ұпайды құраған. Тұтынушылардың сенім индексінің өсуі барлық жас топтарында байқалған, ең жоғары өсім жастар арасында +3,7 ұпайға көтерілген. Аға буын респонденттері арасында өсім шамалы болған. Көрсеткіштер зейнеткерлік жастағы адамдарда – 0,3 тармаққа, зейнеткерлер арасында – 0,5 тармаққа көтерілген.

Өңірлік тұрғыда тұтынушылық сенім индексінің ең жоғары абсолютті мәні Атырау облысында тіркелді. Мұнда көрсеткіштер 10,4 тармаққа өсіп, 110,9 ұпайды құрады. Индикаторлардың ең жоғары өсімі Қызылорда облысында байқалған. Бұл жерде CCI индексі 24,7 тармаққа артқан. Мұндағы индекстердің көтерілуіне маусым айында осы аймақта бөлшек сауда салығының ставкасын 4-тен 2%-ға дейін төмендету туралы шешім өз әсерін тигізген болуы мүмкін.

Ең төменгі CCI көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында (87,4) тіркелді. Десе де көрсеткіштер мұнда бір айда 2,7 тармаққа көтеріліп, оң динкмика көрсеткен. Маусымда ең күшті құлдырау Ақмола облысында (-9,9 балл) тіркелді. Мамырда бұл өңір республика бойынша 100,4 ұпаймен төртінші орында тұрған.

Тұтастай алғанда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұтынушылардың сенім индексі орташа республикалық деңгейден төмен, ал Түркістан және Маңғыстау облыстарында ССІ жоғары деңгейде.

Респонденттердің үштен бірі соңғы айда оларды ерекше алаңдатарлық немесе толқу туғызарлық ешқандай мәселе болмағанын айтқан. Десе де, тұтынушылардың сенімін бағалауға әсер ететін жағымсыз факторлардың ішінде қаржылық қиындықтар бар. Бұл мәселенің актуалдығы 21,7% құраған. Ал инфляция және бағалар мен тарифтердің өсуі екінші орыннан үшінші орынға (9,1%) жылжыған.

Адамдарды отбасылық және тұрмыстық мәселелер көбірек алаңдатады

Сонымен бірге маусым айында адамдарды отбасылық және тұрмыстық мәселелер көбірек алаңдатқан (10,9%). Ай сайын инфляцияның баяулауы қоғамдық пікірге өз ықпалын тигізгенін байқауға болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция 1,3%-ға бәсеңдеп, 14,6%-ды құраған. Ал мамырда 15,9% болса, ақпанда 21,3% болды.

Соңғы айда бағаның күрт өсуін атап өткен респонденттердің үлесі үшінші ай қатарынан төмендегені байқалады. Сәуірде бұл көрсеткіштер 57,4%-дан маусымда 50,9%-ға дейін төмендеген. Өткен жылдың соңында бағаның жоғары көтерілуін сезінгендердің үлесі де бір айда 2,9%-ға (71%-дан 68,1%-ға) азайды. Өңірлердің ішінде айдың соңында бағаның күрт өсуі көбінесе Қызылорда (61,8%) және Шығыс Қазақстан (60,6%) облыстарында, жыл қорытындысы бойынша Ұлытау облысында (86,3%) тіркелген. Тауарлар мен қызметтер бағасының айтарлықтай өсуін дәстүрлі түрде әйелдер жиі айтады екен. Әсіресе қарттар мен аз қамтылған адамдар осы мәселені көп қозғаған.

Дәстүрлі түрде респонденттер үшін ең маңызды азық-түлік тауарларының бағасының өсуі байқалады. Қазақстан тұрғындары ет пен құс етінің (40,9%), жарма және макарон өнімдерінің (40,7%), сүт және сүт өнімдерінің (40,5%), көкөністер мен жемістердің (40,2%), қант пен тұздың (33,4%), нан және нан өнімдерінің (32,9%) қымбаттауына назар аударған.

Маусымдағы күтілетін инфляцияның медианалық бағасы өзгерген жоқ, ол бір ай бұрынғыдай 20% құрайды.

Инфляция туралы

Жылдық инфляцияның күтілетін деңгейі маусымда нақты көрсеткіштен 1,3%-ға асып, 15,9%-ды құраған. Азық-түлік бағасының маусымдық төмендеуіне және инфляцияның баяулауына қарамастан, бағаның өсу перспективаларын бағалау теріс мәнде қалған. Маусым айында бағаның жылдам өсуін күткендер 18,9% құраған, бұл мамырдағы көрсеткіштен 1,8% артық. Сауалнамаға қатысушылардың 21,7%-ы алдағы жылы өмір сүру құнының күрт өсуін күтеді.

Дегенмен, абсолютті мәнде қалыпты күтулер әлі де басым. Респонденттердің үштен бірінен астамы (34,6%) шілдеде баға қалыпты өседі деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың 43%-ы бағалар келесі жылы әдеттегідей көтеріледі деп есептейді.

Өңірлер арасында қысқа және орта мерзімді перспективада бағаның өсуіне қатысты ең пессимистік күтулер Шымкентте және Павлодар облысында белгіленген. Онда респонденттердің 24% және 24,7%-ы келесі айда өмір сүру құнының күрт өсуін күтеді. Ал респонденттердің 31,2% және 29,1%-ы келесі жылы бағалар көтеріледі деген сенімде.

Мамырда теңгенің долларға шаққандағы нығаюынан кейін, маусым айының қорытындысы бойынша қазақстандық валютаның бағамы 1%-ға – бір доллар үшін 452,26 теңгеге дейін төмендеген. Теңгенің әлсіреуі аясында бір жылдан кейін доллар қымбаттайды деп сенетіндердің саны 3,2%-ға көтеріліп, 47,4%-ға дейін өсті.

Бір айда валюта бағамының өзгеруін күту айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Көтеріңкі көңіл-күй әйелдерге (44,1%) қарағанда ерлерге (51,1%) тән. Жастар әлі де доллардың өсу перспективаларына көбірек сенеді, бұл жас тобы да алдағы жылы жоғары көңіл-күйдің максималды өсуін күтеді – айына 3,8%, яғни 55,9-дан 59,6%-ға дейін. Ал респонденттердің жасы неғұрлым үлкен болған сайын, олар соғұрлым американдық валютаның теңгеге қатысты нығаюын болжамайды.

Облыс деңгейінде доллардың алдағы өсімін Шымкент (63,6%) мен Қызылорда облысының (64,3%) тұрғындары басқаларға қарағанда көбірек күтеді. Сондай-ақ, Қызылордада АҚШ валютасының бір жыл ішінде өсімін күтетін респонденттердің саны бір айда 4,9%-ға өскен.

Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global сарапшысы:

«Маусым айында Kursiv Research ұсынған тұтынушылар сенімінің индексі екі айлық құлдыраудан кейін шамалы өскенін көрсетті. Соған қарамастан, ол әлі де 100 баллдан төмен теріс аймақта. ССІ алты құрамдас бөлігінің бесеуінің өсуіне назар аударыңыз. Бұл индекстің 14 тармаққа дейін өсуі 2022 жылдың қазанынан бері болмаған. Нәтижесінде, жеке қаржылық жағдайдағы өзгерістер индексі ғана төмендеді, айтпақшы, бұл мамырдағы жалғыз өсім болды.

Өткен айда және жылдағы баға өсімін бағалау маусымда айлық инфляцияның 0,5%-ға дейін баяулауы аясында төмендеуін жалғастыруда, бұл ресми статистика бойынша 22 айдағы ең жақсы көрсеткіш.

Соңғы айда бағаның күшті өсуін атап өткен респонденттердің үлесі жарты жыл ішінде тұрақты түрде төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сауалнамасы да төмендеу тенденциясын көрсетеді. Бұл ретте инфляциялық күтулер әлі оң бағаланбайтынын көруге болады. Екі сауалнамада да шілдеде бағаның қандай да бір көтерілуін күтетіндердің үлесі артқан. Сірә, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерінің көтерілуі туралы жаңалық әсер еткен болар.

Маусымда айырбас бағамының құбылмалылығы қаңтардан бергі ең төмен болғанына қарамастан, алдағы ай мен жылда доллар бағамы көтеріледі деп күтетіндердің үлесі айтарлықтай өскен. Бұл маусым айында теңгеге қатысты шамамен 9%-ға арзандаған рубльдің күрт құлдырауымен байланысты болуы мүмкін. Шілде айының басында ол рубль үшін бес теңгеден тұратын әдеттегі деңгейден төмен түсті. Респонденттердің есінде ұлттық валютаның рубльге қатысты тарихи корреляциясы, соңғысының әлсіреуі теңгеге қатысты осындай жағдайға әкеп соқтырды деп есептейміз. Алайда, Ресейдегі макроэкономикалық жағдайлардың күрт өзгеруін ескере отырып, мұндай болжам қазір аз ақталады деген ойдамын.

Депозиттік сенім индексі төртінші ай қатарынан өсіп келеді. Бұл тұрақты бағам мен жоғары бағамға байланысты болса керек. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да 16,75% деңгейінде ұстап тұру фактісін ескере отырып, біз шілдеде бұл индекстің одан әрі өсуі мүмкін деп болжаймыз».

Жұмыссыздық мәселесі

Жұмыссыздықты күту индексі жұмыспен қамту проблемасымен байланысты. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы қоғамдағы алаңдаушылықты күтудің төмендеуін көрсетеді. Ал оның төмендеуі, керісінше, еңбек жағдайына алаңдаушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Маусым айында бұл көрсеткіш аздап өсті – бар болғаны 0,2%-ға (72,5-ке дейін), бұл жұмыссыздыққа қатысты күтулерде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ дегенді білдіреді. Бір жылдан кейін жұмыссыздар көбейеді деп есептейтін респонденттердің үлесі бір айда 1,5%-ға азайып, қазір 40,3%-ды құрап отыр.

Жұмыспен қамту мәселесі басқаларға қарағанда зейнеткерлік жастағы адамдарды (45,9%) алаңдатады. Өңірлік тұрғыда, әсіресе, Маңғыстау (47,3%), Қызылорда (45,8%) және Атырау (45,1%) облыстарының тұрғындары жұмыссыздықтан қорқады.

Несиелік және депозиттік оптимизм индекстері резиденттердің ағымдағы уақыт кезеңін қалай қабылдайтынын көрсетеді – олар оны несие алу және банк депозиттерін салу үшін қолайлы немесе қолайсыз деп санайды.

Маусым айында несиелік оптимизм индексі мамырмен салыстырғанда 1,1 тармаққа төмендеп, 30,4 тармаққа тоқтады. Өңірлік тұрғыда Түркістан облысының тұрғындары басқаларға қарағанда несие алуға ынталы (38,6 пайыз), ал Маңғыстау облысының тұрғындары азырақ (20,9 пайыз) алады.

Депозиттік оптимизм индексі бір айда аздап өскен. Ол мамырдағы 50,9 тармақтан маусымдағы 51,1 тармаққа дейін көтерілген. Депозиттерге сенім арту ерлерге (49 б.) қарағанда әйелдерге (53 б.) көбірек тән. Жас топтары арасында инвестиция салуға жастар ынталы (61,8 балл), бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 4,2 пунктке өскен. Бұл индекске қатысты көрсеткіштер өңірлердің ішінде ең жоғары Атырау облысында (56,5 балл), ал ең төменгі көрсеткіш Жетісу облысында (45,6 балл) тіркелді.

Келесі жылға қатысты жағымсыз болжам айтатындар көп

Жаздың басында барлық дерлік санаттар бойынша индекстердің жалпы өсімі байқалған. Дегенмен, көрсеткіштердің алдыңғы мәндері тұтынушылардың сенім индексінің (CCI) оптимистік аймақтың шекарасына өтуіне мүмкіндік бермеген. Келесі жылға жағымсыз болжамдар тізбегі көп.

Осылайша, маусымдық өнімдердің арзандауы және инфляцияның баяулауы қазақстандықтардың баға күтуіндегі теріс үрдісті әлі жойған жоқ. Алдыңғы инфляциялық кезеңнің ақпан айында шарықтау шегімен (21,3%) ұзақтығы наурыз айынан бастап инфляциялық процестерді бағалауда, әсіресе алдағы уақытта республика тұрғындары арасында пессимистік күтулердің басым болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Мамыр айындағы нығаюдан кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1%-ға төмендеді. Теңгенің құнсыздануы 12 айда доллардың құнын болжағандар санының 3,2%-ға артуына әкелді.

Сонымен қатар, инфляцияның ай сайын төмендеуін үдерістерді бағалауда белгілі бір инерцияға ие қоғам көбірек сезініп жатқанын көреміз. Қазақстан резиденттерінің CCI индексінің одан әрі серпін алуы қолайлы экономикалық оқиғалардың ұзақтығына байланысты болады.

Зерттеу 2023 жылдың маусымында телефон арқылы сауалнама жүргізу негізінде жүзеге асырылды. Оған Қазақстан Республикасының барлық аумағынан 3600 ересек респондент қатысты. Сауалнамаға қатысушылардың жынысы, жасы және тұрғылықты жері бойынша таңдалды.

Маусым айында Kursiv Research ұсынған тұтынушылар сенімінің индексі екі айлық құлдыраудан кейін шамалы өскенін көрсетті. Соған қарамастан, ол әлі де 100 баллдан төмен, яғни теріс аймақта. ССІ алты құрамдас бөлігінің бесеуінің өсуіне назар аударыңыз. Бұл индекс 14 тармаққа дерлік өскен. Мұндай өзгеріс 2022 жылдың қазанынан бері болмаған. Нәтижесінде, жеке қаржылық жағдайдағы өзгерістер индексі ғана төмендеді, айтпақшы, бұл мамырдағы жалғыз өсім болды.

Өткен айда және жылдағы баға өсімін бағалау маусымда айлық инфляцияның 0,5%-ға дейін баяулауы аясында төмендеуін жалғастыруда, бұл 22 айдағы ең жақсы көрсеткіш. Соңғы айда бағаның күшті өсуін атап өткен респонденттердің үлесі жарты жыл ішінде тұрақты түрде төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сауалнамасы да төмендеу тенденциясын көрсетеді. Бұл ретте инфляциялық күтулер әлі оңды деп айту ерте. Екі сауалнамада да шілдеде бағаның қандай да бір көтерілуін күтетіндердің үлесі көп. Сірә, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерінің көтерілуі туралы жаңалық әсер еткен олар.

Маусымда айырбас бағамының құбылмалылығы қаңтардан бергі ең төмен болғанына қарамастан, алдағы ай мен жылда доллар бағамы көтеріледі деп күтетіндердің үлесі де айтарлықтай өсті. Бұл маусым айында теңгеге қатысты шамамен 9%-ға арзандаған рубльдің күрт құлдырауымен байланысты болуы мүмкін. Шілде айының басында ол рубль үшін бес теңгеден тұратын әдеттегі деңгейден төмен түсті. Респонденттердің есінде ұлттық валютаның рубльге қатысты тарихи корреляциясы, соңғысының әлсіреуі теңгеге қатысты осындай жағдайға әкеп соқтырды деп есептейміз. Алайда, Ресейдегі макроэкономикалық жағдайлардың күрт өзгеруін ескере отырып, мұндай болжам қазір аз ақталады деп санаймыз.

Депозиттік сенім индексі төртінші ай қатарынан өсіп келеді. Бұл тұрақты бағам мен жоғары бағамға байланысты болса керек. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да 16,75% деңгейінде ұстап тұру фактісін ескере отырып, біз шілдеде бұл индекстің одан әрі өсе деп болжаймыз.

Материалды «Курсив» әлеуметтік зерттеулер орталығы дайындады.