Грузия Америка мен ЕО-тан әкелінген көліктерді Ресейге реэкспорттауға тиым салады

Жарияланды
Фото: shutterstock

Грузия 1- тамыздан бастап америкалық көліктерді Ресей мен Белоруссияға экспорт пен реэккспорттауға тиым салды. Ал, ЕуроОдақтан әкелінген көліктер үшін тиым 26 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұл туралы Грузия Қаржы министрлігінің салық қызметі хабарлады, деп жазады осы елдің BusinessMedia басылымы.

Сырттан әкелінген көліктерді реэкспорттау арқылы қомақты пайда тауып отырған Тбилиси бұл мәселеде батыспен ортақ шешімге келуге талпынғанымен, нәтижесіз болды.

Тбилисидің мұндай шешім қабылдауына ЕуроОдақтың Ресейге салған санкцияларының 11-пакеті ықпал етіп отыр. Оған дейін ЕО-дан Ресейге құны 50 мың еуродан асатын автокөлік жеткізуге тиым салынып келген еді. Алайда, соңғы санкциялар пакетінде Ресейге қозғалтқыш көлемі 1,9 литрден асатын электр және гибрид көліктерді әкелуге тиім салынды.

Айта кету керек, жеңіл көліктер ауқымы жағынан Грузияның Ресейге жеткізетін үшінші экспорттық тауары. Биылғы өткен алты айда ғана Ресей Федерациясына 3,7 мыңнан аса көлік жеткізілген, олардың жалпы құны 53 млн долларды құрап, көлік экспорты жылына 274% болды.

Грузияның Экономика министрлігі шілде айында ЕуроОдақпен көліктердің Ресейге экспорты мен реэкспортын тоқтатпау туралы келіссөз жүргізген еді. Өйткені жеңіл көліктер – елге табыс әкеліп тұрған маңызды сала.

Алайда, ЕО-тың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан «егер Грузия азаматтары Ресейге реэкспорттау үшін ЕуроОдақтан автокөлік әкелетін болса, бұл шын мәнінде санкциядан жалтару болады», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз