
Шымкенттегі хайуанаттар бағы мен дендропарк мемлекеттік табиғи қорықтың нысандары ретінде бекітілді, деп хабарлайды КазТАГ.
«Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі: 1) Мемлекеттік зоологиялық парк; 2) Мемлекеттік дендрологиялық саябақ», – делінген Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысында.
Құжатқа 31 шілдеде қол қойылды. Құжат ресми жарияланғаннан күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.