Жаңалықтар

Елордада 7 млн ​​теңгеден астам қаржыға заңсыз айналымдағы темекі өнімдерінің партиясы анықталды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымы анықтады.

Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.

Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. Нәтижесінде, тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.