«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңгені заңсыз иеленген

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды. Ол 225 млн теңгегені жымқырған. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген. Мекемеден заңсыз иемденген бұл қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.  

Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз