Новориссийск әскери базасына дрондар шабуылы: Каспий құбыр консорциумына зиян тимеді

Жарияланды
Отгрузка казахстанской нефти с терминала в Новороссийске может возобновиться 23 февраля
Фото: КТК

Жұмаға қараған түні Украина қарулы күштері екі теңіз дрондарымен Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасамақ болды, деп хабарлайды РФ Қорғаныс министрлігі.

Атап айтқанда Новороссийск пен Мысхако елді мекендерінің су айдындарында, Каспий құбыр консорциумына жақын маңда болған.

«2023 жылдың 4 тамызында КҚК Теңіз терминалының (670 акватория) жұмыс аймағына жақын жерде Ресей Федерациясы Әскери-теңіз күштерінің кемелері ұшқышсыз жерүсті су кемелерінің шабуылына тойтарыс берді. Қазіргі уақытта мұнай ТЛУ-2 және ТЛУ-3 қашықтан байлау қондырғыларына бекітілген танкерлерге қалыпты режимде жөнелтіліп жатыр. Консорциумның инфрақұрылымына зақым келген жоқ», делінген КҚК хабарламасында.

Бұл ақпаратты КҚК-нің атқарушы директоры Николай Горбань да растады.

«Қазіргі таңда мұнай байлаулы тұрған танкерлерге тиеліп, әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. КҚК инфрақұрылым зақымдалған жоқ. Кемелердің қозғалуына қашан рұқсат берілетіні белгісіз, порт капитанынан хабар күтеміз», деді КҚК директоры.

КҚК акваториясында және Новороссийск портында кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынған. Тыйым салынғаннан кейін жүк тиелген танкерлер кері бұрылады делінген компания таратқан баспасөз хабарламасында.

Толықтыру. Консорциум Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.39-да Новороссийск портында кемелердің қозғалысына салынған тыйым алынып тасталғаны туралы хабарлады.

«КҚКВПУ-3 танкерін шығаруды және келесі танкерді тиеуге орналастыруды жүзеге асырады. ВПУ-2-де танкерге тиеу жалғасуда», делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз