Семей орманы тағы өртке оранды

Жарияланды

2023 жылғы 4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 бірлік техниканы құрайды.

Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күштер мен құралдары өрт орнына
қосымша жіберіледі.

Айта кетейік, ауқымы 300 гектарға жеткен Меркідегі өрт оқшауланды деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз