Жаңалықтар

63 млн теңге залал келтірген: қаржы пирамидасын жарнамалағандар құрықталды

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

«Аталған факті ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және Агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде анықталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда»YouTube» бейнехостинг сайты, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілернде, сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.

Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы – адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.