Жаңалықтар

Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 53,9 млрд теңгеге жеткен

Фото: kursiv.media

Биылғы жылдың бірінші жартысында азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 62,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,9% артық, инфляцияны ескергенде нақты өсім 13,4%-ды құрайды деп жазады Finprom.kz.

Басылымның хабарлауынша, инвестицияның 53%-ы компаниялардың өз қаражаты. Бұл салаға салынған инвестицияларды өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырсақ, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі құндық мәнде бірден 24,3% ұлғайып, 53,9 млрд теңгеге жеткенін аңғаруға болады.

Өңірлер бойынша азық-түлік өнімдері өндірісіне ең көп инвестиция Алматы облысында тіркелген. Мұндағы инвестиция көлемі 15,6 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 есе артық.

Содан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан ұр. Онда 14,1 млрд теңге қаражат тартылған. Ал Ақмолада бұл секторға салынған инвестиция көлемі 5,1 млрд теңге, Түркістанда -`4,5 млрд теңге және Шығыс Қазақстанда – 4,1 млрд теңгені құраған. Бұл салада ең аз инвестиция Маңғыстау облысына құйылған. Онда 27,9 млн теңге көлемінде ғана инвестиция тартылған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 95,1% аз.

Ал Атырау облысына келер болсақ, бұл өңір азық-түліктің 70%-ын импорттайды. Онда негізінен Ресейдің жақын өңірлерінен әкелінеді. Осылайша, өңір шетелдік фермерлерді «асырап отыр». Өңірді отандық өніммен әлсіз қанықтыру мәселесін ескере отырып, ауыл шаруашылығын, тамақ және балық өнеркәсібін дамыту бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі небәрі 33,9 млн теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 74,6% аз.

Жалпы республика бойынша инвестициялық портфельдің жартысы, яғни 52,7%-ы компаниялардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Мұндай инвестиция көлемі бір жылда 11,6% өсіп, 32,9 млрд теңгеге жеткен. Ал банк несиелері арқылы салынған инвестиция 16,3%, 17,8 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал банктік емес қарыздар арқылы салынған инвестиция бір жылда 3,8 есе, яғни 11,7 млрд теңгеге дейін өскен.

Елімізде қой мен ешкі еті, шошқа еті, бидай наны, бидай ұны, жылқы еті, ірі қара мал еті, айран, сүт, кілегей, тұз, күріш сынды өнімдер жақсы деңгейде өндіріліп, сұранысты толық қамтамасыз ете алған.

Дегенмен, кейбір санаттар қосымша қолдауды қажет етті. Мәселен, қарақұмық, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, сары май, макарон өнімдері және құс еті сынды өнімдермен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі төмен болған. Қазіргі күні бұл санаттардағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 73,5%-дан 85,1%-ға дейін көтерілген.

Сонымен қатар импортқа тәуелділік ірімшік пен сүзбе нарығында және қантқа қатысты айтарлықтай сезіледі. Биыл қаңтар-мамырда аталған санаттар бойынша импорт айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, республикада ірімшік пен сүзбенің 54,3%-ы, қанттың тек 44,2%-ы ғана өндіріледі.

Бақап отырғанымыздай, негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайы кейбір өңірлерде өзін-өзі қамтамасыз етуде жақсы көрсеткішерге ие. Алайда кейбір өңірлер мен белгілі бір өнім тсанаттарында отандық өндірісті арттыруға күш салу қажет екені анық.