Кәмелекте толмағандардың электросамокат тебуіне тыйым салынады

Жарияланды
запрет
Фото: shutterstock

Қазақстандакәмелетке толмағандарға электр самокаттарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл жайлы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалары жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.

Сонымен бірге саокат пайдаланушылардың жарықтанбаған аумақтар мен қала сыртындағы трассалармен жүруіне тыйым салынбақ.

«Жарық берілмеген жерлерде, қала сыртындағы жолдарда және кәмелетке толмағандардың электр скутерлерін пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылды», деді Боранова дүйсенбі күні өткен брифингте.

Сонымен бірге, инспектор электр самокаттарды балалардың пайдалануын болдырмау мақсатында салмақ санаттарына тыйым салуды енгізу мәселесі көтерілгенін айтты. Мысалы, 30 келіден асатындар мен одан жоғары салмақтағы адамдарға рұқсат беру сынды ережелер енуі мүмкін.

Инспектор қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, жаяу жүргіншілер жолында, жолдарда және велосипед жолдарында жылдамдықты бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесін қарстырып жатқанын айтты.

«Сондай-ақ тәртіп бұзушыларды анықтау және самокаттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстарды ашу үшін самокатты кім, қашан және қандай бағытта басқарғанын анықтау үшін есеп жүргізіледі. Біз қалаларды самокат айдауға тыйым салынған немесе самокат тебуге рұқсат етілген аймақтарға бөлеміз. Сонымен бірге самокаттардың тұрағы үшін арнайы орындарды белгілейміз», деді инспектор.

Осы жылдың 30 тамызынан бастап электр самокаттардың қозғалысын реттейтін заң күшіне енеді. Заңға сәйкес, электр самокаттары 25 км/сағ жылдамдықпен жүретін көлік ретінде танылады және велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз қозғала алады.

Еске сала кетсек, 30 маусым күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заңды 22 маусым күні сенат мақұлдаған болатын.

Үкіметтің бұл заңды енгізуіне елдегі самокаттарға қатысты оқыс оқиғалар себеп болды. Айта кететін болсақ, жыл басынан бері самокатқа қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз