Елімізде жұмыс істейтін шетелдік банктер үшін талаптар жеңілдетіледі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізіледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

Бұл жобаның мақсаты – көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін ҚР резиденті емес заңді тұлға үшін кедергілерді жою және осындай тұлға ҚНДР-ның жанама банк холдингі мәртебесін алуға келісімін алуына қатысты критерийлерді белгілеу.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар үшін кедергілерді жою және осындай тұлға сәйкес келген кезде ҚР ҚНРДА-ның жанама банк холдингі мәртебесін алуға келісімін алуға құқылы өлшемшарттарды белгілеу мақсатында әзірленді», делінген құжатта.

Жобаға сәйкес заңды тұлға көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің акцияларына жанама иелік ететін ҚР бейрезиденті ең төмен халықаралық рейтинг болмаған кезде жанама банк холдингі мәртебесін алуға ҚНРДА келісімін алуға құқылы.

«Жоба банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғаларға кедергілерді жою мақсатында әзірленді», делінген құжатта.

Жобаны Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциалдық реттеу департаменті жүзеге асырады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз