21 тамыздан бастап интернет-банкинг арқылы депозитті сату сервисі жабылады- Отбасы банк

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Отбасы банк 21 тамыздан бастап банктің Интернет-банкингі арқылы депозитті онлайн сату сервисі жабылады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 2023 жылғы 21 тамызға дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін бастап қойған банк клиенттері 21 тамыздан кейін оны стандартты режимде аяқтай алады.

Банктің хабарлауынша, депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігі сақталады. Дегенмен, депозиттерді ең жақын туыстарына сату процессін онлайн режимде жүзеге асыруға болады.

«Мұны тек Банк бөлімшелерінде ғана емес, сонымен қатар онлайн режимінде «Otbasy bank» мобильді қолданбасында да жүзеге асыруға болады. Рәсімге 5-10 минут уақыт кетед», делінген хабарламада.

Ал, алыс туыстығы бар жандар да бір-біріне депозиттерін сата алады. Ол мәміле тек банк бөлімшелерінде жасалады.

Сондай-ақ оқыңыз