Жыл соңына дейін елімізде жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов хабарлады.
«Басты мақсатымыз – бәселестікті орнатып, дамыту. Біз реттеушінің де қызметін атқарамыз. Мұнда 2 мәселе бар. Біріншіден, Үкімет тапсырма берді, яғни «Қазақтелеком» АҚ-ның ішіндегі 2 мобильді оператордың біреуін шығару. Қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз», – деді комитет төрағасы.
Екіншіден, осы жылдың аяғына дейін тағы 5G радиожиелігін сату үшін аукцион ұйымдастырылады.
«Егер оны тағы бір инвестор жеңіп алса, онда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін», – деді Ержан Мейрамов.