«Кенжехан» базары жаңғыртылады. Бұл мәселе ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің Алматыдағы «Алтын Орда» және «Кенжехан» базарларын аралап, олардың иелерімен сауда нысандарын жаңғырту шараларын талқылау барысында көтерілді.
«Базарларды жаңғырту туралы 10 жылдан бер айтылып келеді, бірақ COVID-19 коронавирусқ пандемиясы, қазіргі күрделі геосаяси жағдай және басқа да фактілер кедергі болды. Жол картасында біздің базар бар. Бірақ біз бектіліген кестеден артта қалып отырмыз. Біз базарды жаңғыртуға дайынбыз, бірақ әкімдік эскиздік жобаны әлі бектікен жоқ», деді «Кенжехан» ЖШС Бас директоры Сергей Ким.
Естеріңізге сала кетсек, базар жұмысшылары «Кенжеханның» қожайындары базарды модернизациялау үшін саудагерлерден қаржы жинап жатқанын айтып, қала әкімі Еролат Досаевқа шағымданған болатын. Саудагерлердің айтуынша, базар иелері әр нүктеден 5 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Халық базар басшыларының бұл шешіміне наразы, себебі базарды қайта жабдықтау бастапқыда саудагерлер емес, қожайындардың есебінен жүзеге асырылады деп сендірген.
Әкім өз кезегінде қала базарларының жағдайы қала әкімдігінің ерекше бақылауында екенін, базарларды жаңғырту жұмысы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізілуі тиіс екенін айтты. Ал Алматыда жұмыс істеп тұрған 56 базардың ішінде Кенжехан ең ірілердің бірі саналады. Қала басшысы прокуратураның қазір «Кенжехан» базарын тексеріп жатқанын, жақын күндері ол бойынша шешім шығарылатынын мәлімдеді.
Ал вице-министр Арман Шаққалиев нарықтарды жаңғырту процесінде меншік иелерінің мүдделері міндетті түрде ескерілетінін айтты.
«2025 жылға дейін әзірленген жол картасы бар, онда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап әр аймақ бойынша әрбір базар бойынша жұмыстарды аяқтауға дейінгі базарларды жаңғырту процесі жан-жақты қамтылған. Жол картасының орындалуына Үкімет тарапынан тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің жанынан қаланың сауда базарлары қызметінің проблемалық мәселелерін қарау және шешу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, ол Жол картасын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс», – деді Арман Шакқалиев.
Ал еліміздің ірі сауда базары «Алтын Ордада» минисрлік өкілінің бастамасымен базар аумағында құрылған мобильдік топтың және базар әкімшілігінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.
Қатысушылар нарық аумағында бұрын анықталған бұзушылықтарды жоюға, жаңғыртуға, фермерлерді тегін бөлінген сауда орындарына тартуға және тағы басқа мәселелерді талқылады.
«Алтын Орда» базарының өкілі Александр Недогарко Алтын ордада үшінші павильонның құрылысы жүріп жатқанын, оны 2025 жылдың басында аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді. Ал осы жылдың соңында төртінші павильонның және заманауи кросс-доктардың құрылысы басталады. Олардың көмегімен жүктерді жедел жеткізіп, сақтауға болады.