Жаңалықтар

КҚК теңіз айлағында жоспарлы жұмыстар аяқталып, мұнай қалыпты режимде жөнелтіліп жатқанын хабарлады

Фото: КТК


Каспий құбыр консорциумы дүйсенбі күні 20 шілдеде басталған теңіздегі N1 қондырғысының жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұнай экспорттау жүйесіне арналған құрал-жабдықтар іске қосылды және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деп жазылған консорциум таратқан хабарламада.


Жұмыс барысында екі компенсатор мен бір теңіз шлангі ауыстырылып, бес шланг жөндеуден өткені атап өтілді.
10-11 тамызда консорциум компенсаторлар мен бүкіл қондырқылар жүйесін ауыстырғаннан кейін құбырлардың гидравликалық сынақтарын жүргізді.

Дәл осындай жұмыстар N2 қондырғыда 2 мамыр күні және N3-ші қондырғыда 26 маусым аяқталды.
Каспий құбыр консорциумы Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындары мен Каспий қайраңындағы ресейлік кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады.

Оның ұзындығы 1511 шақырым. Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады. 2022 жылы компания экспортқа 58,7 млн тонна мұнай жөнелтті, 2023 жылға арналған болжам шамамен 61 млн тоннаны құрайды.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.