«Тарифті инвестицияға айырбастау»: 12 өңірде 18 кәсіпорын тексерілді

Жарияланды
Фото: ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздің 12 өңіріндегі коммуналдық кәсіпорындарды тексерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Тексеру барысында, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкестігі, сондай-ақ осы іс-шаралардың, атап айтқанда, қазандық агрегаттарын реконструкциялау, , инженерлік желілерді, сорғы станцияларын, күштік трансформаторларды және басқа да жабдықтарды жаңғырту бойынша уақтылы орындалуы тексерілді», делінген хабарламада.

Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілген. Тексеру кезінде 18 табиғи монополиялар субъектісі қамтылған. Олар:

  • Алматы қ. – «Алматы Су» ШЖҚ МКК, «Алматы теплокоммунэнерго» ЖШС; 
  • Алматы обл. – «Ұйғыр су құбыры» МКК, «Қонаев Су Арнасы» МКК;
  • Ақтөбе обл. – «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ;
  • Қостанай обл. – «EPK Atica» ЖШС, «Лисаковскгоркоммунэнерго» ШЖҚ МКК;
  • Ұлытау обл. – «Жезқазған электр желісін тарату компаниясы» АҚ;
  • БҚО – «Жайықтеплоэнерго» АҚ;
  • СҚО – «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС, «Севказэнергосбыт» ЖШС;
  • Абай обл. – «Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» КМК ;
  • Маңғыстау обл. – «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК;
  • Қарағанды обл. – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС;
  • ШҚО – «Согра ЖЭО» ЖШС;
  • Атырау обл. – «Атырау Жарық» АҚ;

Тамыз айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті​ жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп тағы 69 коммуналдық кәсіпорынды тексереді.

Сондай-ақ оқыңыз