ҚМА қызметкерлері фискалдық органдардың жалған қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
«ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады», делінген баспасөз хабарламасында.
Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталған. Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.