Үндістанға алмаз импорты 43%, гауһар тас импорты 39%-ға төмендеді

Жарияланды
Фото; архив kursiv.media


Үндістанның асыл тастар және зергерлік бұйымдар экспортын ынталандыру кеңесінің (GJEPC) алдын ала мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың шілдесінде Үндістанға алмаз импорты бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 43%-ға төмендеп, 1,102 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Осы жылдың маусым айының қорытындысымен салыстырғанда (1,366 млрд доллар) 2023 жылдың шілдесінде импорт 19%-ға азайды.

Жалпы шілдеде импорт көлемі (11,34 млн карат) өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға және маусыммен салыстырғанда (12,05 млн карат) 6%-ға төмендеді.

Осылайша, шілдеде Үндістанға әкелінген гауһар тастардың орташа бағасы бір карат үшін 97 долларды құрады. Ал 2023 жылдың маусымында бір карат үшін 113 доллар болды.

Биылғы жылдың сәуір-шілде айларында Үндістанға шикізат түріндегі алмаз импорты ақшалай есептегенде 21%-ға қысқарды.

Бұл ретте синтетикалық алмаз импорты (зертханада өсірілген) шілдеде 15% азайып, 117 миллион долларға бағаланады.

Сонымен қатар 2023 жылдың сәуір-шілде айларында елден гауһар тас экспорты ақшалай мәнде 31%-ға, көлемі бойынша 29%-ға қысқарды.
Шілде айында елден синтетикалық гауһар экспорты (105 миллион доллар) бір жыл бұрынғыдан 28%-ға төмен болды.
Үндістан ең алдымен Ресейден алынған ұсақ гауһар тастардың негізгі сатып алушысы және әлемдегі ең ірі алмаз өндіруші. Дүниежүзіндегі гауһар тастардың 95% осы елде өндіріледі.

Өткен жылдың наурыз айында АҚШ Ресейден гауһар тастарды әкелуге тыйым салды, ал сәуірде «АЛРОСА» SDN тізіміне енді. Қазіргі уақытта Үндістан ресейлік гауһар тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды АҚШ пен G7 елдеріне экспорттай алады. Бұл тұста басты талап – бағалы тастар Үндістанның өзінде өңделген болуы шарт.

Сондай-ақ оқыңыз