«Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалын басқарған 5 адамның ісі сотқа жолданды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталған.

«Қаржылық пирамида қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды», делінген баспасөз хабрламасында.

Агенттік қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеді.

22 мамырда Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімге кірген 22 ұйым арасында жарнамасы жер жарған Chia Tai Tianqing, Q-net, Incruises, QazHome бар.

Сондай-ақ оқыңыз