Маңғыстау облысында 81 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Маңғыстау облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңге болатын жер учаскеллерін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жайлы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га құрайтын 94 жер учаскелері, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды», делінген баспасөз хабарламасында.

Қайтарылған жерлер арасында жағалау аймақтары да бар. Жағалау маңында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңгені құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылған. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді де мемлекет меншігіне қайтарған.Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге болатын «OilRealEstate» ЖШС-не тиесілі 225 гектар жер телімі қайтарылды.

«Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмағаны анықталды (20% – дан аз). Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осыған дейін Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 га құрайтын сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге  пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған болатын.  

Ал 16 тамыз күні Алматы қаласының прокуратурасы Алматы облысында құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз