«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зартап шеккен 6 кенші ауруханада жатыр, тағы екі жұмысшыны онда апара жатыр. Сонымен, барлығы 8 адам болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.
Сонымен қатар бұған дейін бір жұмысшының денесі табылғанын хабарладық.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы да апат: конвейер таспасынан өрт шығып, жүзден аса адам қауіпті аймақта қалды деп хабарладық.