Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасындағы апат: бір кеншінің мәйіті табылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін жерге шығарылмаған бес кеншінің біреуі қаза тапты. Қарағанды облысының әкімдігі бір кеншінің мәйіті табылғанын хабарлады.

17 тамыз сағат 10:00-де «Қазақстан» шахтасындағы конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада 227 адам болған, олардың 222-сі шығарылды, алты адам ауруханаға жатқызылды. Оларлың төртеуі көміртегі тотығымен уланған, ішінде екі адамның жағдайы ауыр. Олар Қарағанды ауруханасына жеткізілді. Ал екеуі жеңіл түрде уланған, қазір Шахтинск ауруханасында ем алып жатыр.

Ал қалған 4 кеншінің жағдайы әлі белгісіз.