Жаңалықтар

«Қазақстан» кенішіндегі апатты жою жөніндегі штабты басқарып отырған облыс әкімінің орынбасары «АрселорМитталда» 18 жыл жұмыс істеген

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин «Казахстанская» кенішіндегі апатты жою жөніндегі штабты басқарады. Ол төтенше жағдайларға жауапты. Бұған дейін шенеунік «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 18 жыл жұмыс істеп, компанияда атқарушы директор лауазымына дейін көтерілген.

Басин «АрселорМиттал Теміртауда» қандай лауазымдар атқарды:

  • 2017 жылдан 2021 жылға дейін компанияның атқарушы директоры болып жұмыс істеді;
  • 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қоғам Басқармасы дирекциясының атқарушы директорының жөндеу жөніндегі орынбасары, кейін өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды;
  • 2011 жылдан 2013 жылға дейін басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды;
  • 2003-2011 жылдары «Испат-Кармет» АҚ (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») бас энергетигі.

Басиннің алған білімі. Екі жоғары білімі бар: 1985 жылы Қарағанды ​​политехникалық институтын тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру мамандығы бойынша, 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын өнеркәсіптік электроника мамандығы бойынша бітірген.

«АрселорМиттал Теміртауға» келгенше қандай қызметте істеді? 1986 жылы Қарағанды ​​металлургиялық комбинатында агломерациялық цехта инженер-электрик болып жұмыс істей бастады. Одан кейін агломерациялық цех бастығының электр жабдықтары жөніндегі орынбасары болды.

Басин тағы немен айналысты? Ол 2021 жылы «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. 2022 жылдан – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың депутаты.

«АрселорМиттал Теміртау» «Казахстанская» шахтасында қандай қайғылы оқиға болды?
Бейсенбі, 17 тамыз күні сағат 10:05-те шахтада конвейер өртенді. Оқиға кезінде 227 адам жер астында болған. Жұмысшыларды эвакуациялау бүйірлік оқпан арқылы жүзеге асырылды. Ол пайдалы қазбаларды, тау жыныстарын, материалдарды, жабдықтарды, сондай-ақ адамдарды түсіру және көтеру үшін қолданылады. Сол оқпан арқылы шахта желдетіледі.

Тек 222 жұмысшы жер бетіне шығарылды. Қайғылы оқиға болған күні бір кеншінің денесі табылды. Екінші марқұм жұма, 18 тамыз күні табылды. Сол күні, сәлден кейін үшінші жұмысшының мәйіті табылды. Осылайша, шахтада үш кенші қалды.

Басин шахтадағы қайғылы оқиғаға арналған баспасөз мәслихатында шахтада қалған бес жұмысшының қайда екенін құтқарушылардың білгенін, бірақ неліктен құтқару мүмкін болмағанын айтты.

«Біраз уақыт олар жол табуға тырысқан. Олардың тығырқтан шығуға тырысқанын байқауға болады. Содан олар көмек күту үшін сол орында қалып қойған. Неліктен шықпады дейсіз бе? Өйткені олар құтқарушылар жете алмайтын аймақта қалып қойған. Өте жоғары температура мен қатты түтін болды. Қалың түтін. Ондайда қозғалу мүмкін емес еді. Сондықтан кеше кешке ғана бірінші кенші табылды. Ал бүгін таңертең екінші кеншіні табу мүмкіндігі туды», деп түсіндірді Басин.

Сондай-ақ, ол шахтадағы өрттің алдын ала себептеріне тоқталды. Оның айтуынша, өрт басталардан бір күн бұрын конвейер ауыстырылған. Шенеунік таспаны жөндеу АМТ кәсіпорнында анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген болуы мүмкін екенін атап өтті.

Жалпы, Тәуелсіздік жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарында 160-қа тарта кенші қаза тапқан.