Қырғызстан Қытайға су экспорттауды жоспарлап отыр

Жарияланды

Қырғызстан ауыз суды Қытайға, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдеріне экспорттауға дайын. Бұл туралы министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына (ШҰАР) сапары барысында айтты. Юқл туралы Орда кз сайты хабарлады.

Жапаров Qingdao Laoshan Mineral Water Co.,Ltd. басқарма төрағасы Ван Дамен кездескен. Министрлер кабинетінің басшысы өз елінің су ресурстарының іске асырылмаған әлеуетін тілге тиек етті.

«Біз мұздықтардың бастауында тұрмыз және экологиялық таза ауыз суды Қытайға, Еуропаға және Азияға экспорттауға дайынбыз. Лаошань сияқты компаниялардың тәжірибесі қажет» ,  – деді ол.

Жапаров Қырғызстан екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Қазіргі кезде су мен сусын шығарумен айналысатын компания қырғыз суын экспорттауға қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ оқыңыз